Беттің тегіс әрі жұмсақ болуы - кез келген қыздың арманы. Бірақ әр адамның ағзасы да, бетінің күтімі де әртүрлі.
Мәселен итальяндық актриса Моника Беллучи көп мөлшерде су ішіп, бетті макияждан тазартуға қатты мән береді екен. Беттегі бояумен ұйықтау бет терісіне зиян. Тері қабынып, көз тесіктерінің бітелуіне әкеледі.
Сұлулықтың эталоны түркиялық актриса Фахрие Эвджен дұрыс тамақтанып, табиғи маскаларды қолдануға кеңес береді.
Ал апаларымыз ерте заманда бет күтімі үшін нені қолданған деп ойлайсыз?!
Қызға қырық үйден тыйым жасалса да, аналарымыз тазалық пен күтімге ерекше назар аударған. Қырық шелпегіндегі рәсімдердің өзі шаш күтіміне үлкен әсер еткен.Түймедақ, жалбызбен бетін шайып, қияр, айран мен кілегейден маскалар жасаған. Ендеше сізге көмектесер он екі кеңеске назар аударыңыз.
- Тазалықты сақтаңыз.Сырттан келген соң, жатар алдында және оянған соң бетіңізді жууды ұмытпаңыз;
- Өзіңіздің жеке орамалыңыз болсын. Бұл тазалықты сақтауға және түрлі аурулардың алдын-алуға көмектеседі;
- Дұрыс тамақтаныңыз. Құрамында E, В1-В12, А дәрумендері бар өнімдер күнделікті ас мәзіріңізде болуын қадағалаңыз;
- Бетіңізді иіс сабынмен жумаңыз. Құрамында әртүрлі химиялық элементтер бар иіссабын бет терісін құрғатып, бұзылуына әкеп соғады;
- Түрлі кремдер мен иісмайларды бетке жағу алдында құрамына, өндіруші елге мұқият назар аударыңыз. Жарамдылық мерзімі өткен немесе қарама-қайшы келетін иісмайлар аллергия пайда болуына әрі безеулердің көбеюіне әсер етеді;
- Су мөлшерін көбейтіңіз. Арнайы салмағыңыз бен бойыңызға арналған мөлшерде су ішіңіз. Бұл бетіңіздің таза болуына әсер етеді;
- Қыс мезгілінде құрамында ақуызы мол иісмайларды қолданыңыз.Олар бетті суықтан қорғайды;
- Уақытылы ұйықтау да бет күтіміне тікелей әсер етеді екен. Ерте жатып, ерте тұруды әдетке айналдырыңыз;
- Бетке арналған массаж түрлерін жасаңыз. Бұл ерте қартаю белгілерін тежеп, қан айналым жұмысын жақсартады екен;
- Бетіңізге шыққан безеу, қара дақтарды сықпаңыз.Ондай жағдайда әлгі дақиар керісінше көбейеді. Дұрыс тамақтанып, тазалықты сақтауға тырысыңыз.
Әмина Бақытбекова