Сараптама

«Игра в имитацию». Математик бүкіл әлемді қалай құтқарды?

.Ал, сіз ғалымдардың күшіне сенбейсіз...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистік Германия жасырын хабар тасымалдау үшін "Энигма" шифрлеу машинасын қолданады. Барлық маңызды жоспарды бір-біріне сол арқылы хабарлаған. Ақпаратты дешифрлеп үлгеру үшін қарсыластардың 18 сағат уақыты ғана болған. Егер үлгермесе бітті. Күн сайын мәлімет жаңарып отырады. Күн сайын бір тірлікті қайталай беріп крифтографтар да мезі болады. Ойлаңызшы ,159 артында 18 нөлі бар символды ақпаратты 18 сағатта тірі адам  дешифрлеп үлгере ме?

Міне, Англия үкіметі мықты математиктердің басын қосып, жұмбақты шешуге бұйрық береді. Басты рөлдегі кейіпкер Алан қасындағы серіктестерімен бірге жұмысқа кірісіп кетеді. Топтың басшысы – өзі. Техникаға техника ғана төтеп бере алады деген оймен Алан бірден дешифрлеу машинасын құрастыруға кіріседі. Әдеттегідей, басында бәрі қарсылық танытып, ісін әурешілдікке балайды. Одан кейін қоштап, түптің-түбі "happy end " болады. Фильмде ғалымдар тапқан  мәліметтер жымысқы тыншылардың арқасында КСРО-ның қолына түсіп отыратыны айтылады. Соның арқасында КСРО жеңіске жеткен дейді-мыс.

Мұның бәрі сандырақ деуіңізге болар еді. Қайдағы бір математик бүкіл әлемді құтқарды десе кім сенеді? Бірақ, бұл тарихтағы ұлы математик Алан Тьюрингтің өмірі баяндалған фильм. Ғылымда қопарылыс жасаған. Жүгіруден марафонда 1948 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегерінен ерте келген. Компьютер осы кісінің жасаған дүниелерінің негізінде пайда болған. Химия мен математикада тың жаңалықтар ашқан. Гомосексуал болған. Осы үшін химиялық кастрация жасалып, профилактика барысындағы ішкен дәрісінен уланып өлген. Өз-өзін өлтірген деген деректер де кездеседі. Кейін, біржынысты қарым-қатынастарға қоғам  көзқарасы дұрысталғаннан соң, ескерткіш қойылған. Ғылыми жаңалықтары әлі күнге дейін өзекті.

Ал, сіз ғалымдардың күшіне сенбейсіз...