Білім және ғылым
Аштықта алтыннан жарты уыс жарма артық.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлланың қалауымен орындалған,
Жылдардың қалауымен мың сақталған.
Елімнің бай емес пе әр өлкесі!
Тағдырдың тәлкегіне көп шыдаған!
Сан жылдар мен ғасырлар өте «қазақ» атты ұлт қалыптасқан болатын. Әр өткізген тағдыр тәлкектері, қиындықтары нағыз батыл, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білген ұлтты қалады. Қазақ – абыройын айрандай ұйытқан, елдің бірлігін нығайтқан, берекесін сақтаған халық! Әр пенденің жаны, еңбегі сінген бұл байтақ елімізде қазірде ғасырлап сақталған тарих жатыр. Өміріміздің ішкі бейнесінің көрінісі, сипаты, жалпы айтқанда тіршілігі осы тарихта жазылған. Байтақ Қазақстанымыз басынан не кешірмеді. Жақсылықтың тәтті дәмін де, опасыздықтың қанды шырмауын да. «Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат» демекші адам жүрексіз тіршілік ете алмайды. Дәл солай өзінің панасы болмай, Отаны болмай , елі, жері, жанындай ыстық топырағы болмай өмір сүре алмас.
Біздің байтақ даламыз, өлкеміз өзінің ішінде, жүрегінің түбінде үлкен ақиқаттар мен астарлы сырларды жасыруда. Біреуі ашылса, біреуінің әлі қаралмаған қырлары бар. Біз білмеген жайттар бар ма? Қалды ма? – сынды сауалдар менің мына тулап тұрған жас қанымды тасытып, жүрегімді күйдірумен келеді. Оның бастауы сонау алғаш саналы адам түрі пайда болғаннан ,әлі күнге дейін жалғасып келуде.Тарих парақтарын ақтарсаң , талай қиындықтарды кешкен қарапайым халықтың төзімділігіне, сабырлығына таң қаламын. Жылдар берген азаптың барлығына аузын ашпай, іспен көрсетіп шыға білген қайран халқымның жанын мен түсіне алмасам да, мақтана аламын.
Мен үшін тарих бетіндегі қасіретті де, қанды оқиғалардың бірі «Желтоқсан көтерілісі» болған шығар. Сол жылдардан қалған бейнежазбаларды көрген сайын жүрегім езіліп, екіге айырылайын деп тұрады. 1986 жылғы Алматыдағы 17-18 желтоқсан оқиғасы... Қанды оқиға! Талай адамның жанын қайырып, үмітін езгілеген мезгіл. Сол ауыр заманның жаңбыры тек Аллаға дұға қылумен, айбынды күшпен өткен шығар. Талай жаз азаматтарымыз, айдай ару қыздарымыз өмірден озып кетті. Тіпті бәріне мәлім, жадыда қалған Қайрат Рысқұлбеков батыр тұлғамыз! Оның «Алаңға мен Қонаевты да, басқаны да қорғауға емес, қазақ қыздарын шашынан сүйреп, ұрып жатыр деген соң бардым.» деген сөзі әлі күнге дейін талай жастардың жадында қалған шығар. Ызғарлы қыстың жамылғысында қалған қанша жастар болды. Осының барлығын көрмесем де, естігенде бойымдағы сыздаған ауыр көңілімнің разылығы еселене түседі, көзге жас орнайды.
Мұны әр қазақ баласы білуі шарт! Тарихтың алғаш парағынан , қазіргі таңға дейінгі орнаған оқиғалар өз құнын жоғалтпауы керек . Біз! Қазақтың қалың жастары, бойы тулаған азаматтары, байтақ елдің қырандары осыны түсінбесек , кім түсінер. Қазірде жастардың барлығы еліктеу жалынында өз тарихын түгіл, өмірін ұмытқан! Бұл деген 21 ғасырдың оқиғасы сынды. Жаным сыздайды, бойым қиналады. Бұндай жастардың көбейгеніне ашынамын. Өз тарихын түкке тұрмайтын ақшаның бес құнына сатар.. Жерін аяусыз сынға алар. Сондағы кейде ойлайтыным, егер де біздің жастарымыз осындай қадамға бара алса, немеге батыр баһадүрлеріміз қанын төгіп қорғады, қиындыққа төтеп берді . Олардың Отан үшін жасаған адал еңбектеріне, қылған істеріне тамсана да, марқая да тыңдаймын, оқимын, сүйсінемін!
Тоқсан сөздің ортақ нүктесін қоятын болсам, қорытындылайтын болсам, қазақ елі мықты ел! Осы еркін даламыз қазіргі алып отырған «Тәуелсіз ел» лауазымына лайықты. Тек оны қоғайтын, қамын жасайтын ұйымшыл халық, батыр адамдар қажет. Мен Көк Тәңірі, Жаратқанымыздан мың есе разылығымды білдіремін. Маған осы заманда дем бергеніне, өмір есігін аштырғанына рахметімді төгемін. Себебі бір Алла білер біздің күйімізді. Осы беріп отырған бақыт құсына, берекелі тұғырына әр пенде рақым қылуы қажет. Неғұрлым адам баласы рухани пәк, таза, адал ниетті болса, оның бағы жанар. «Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды.» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқан болатын. Осындағы өмірдің қадірі сезіле білу керек. Біздің Аллаға айтқан өкпе-ренішіміздің орнына ,біз оған қарыздармыз! Себебі бұл болған оқиғалар тарихтың таңбасы. Тарих дегенім тек сол Тәуелсіздік жылдарына дейінгі уақытпен тоқтамайды. Қазіргі біздің кешіп жатқан ізетті, қастерлі тіршілігіміз, ақ ниетпен алған деміміз тарих болары сөзсіз.
Біз бір халық-бір тағдырмыз!
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61