Білім және ғылым
2019 жылдың 5 қыркүйек күні Елбасымыздың жарлығымен Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінің құрметіне "5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері мерекесі" болып жарияланды. Бұл күні еліміздің өңірлерінде түрлі іс-шаралар жүзеге асырылды. Осындай жобалардың бірінде Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бірлік ауылы 102 орта мектебінің 11- сынып оқушысы Нұрсұлтан Балаусаның тіл туралы шығарған қалам алды туындысы.
Азаттық аңсаған халқымның,
Өткенін жырлаған әр күнін.
Шортанбай, Махамбет, Жамбылым
Өлеңге сыйғызған бар мұңын,
Бұл менің тілім!
Әміре Парижді тамсандырғанда,
Елім деп әлемге жар салдырған да,
Батыры бүгіннің Құдайбергенов
Қытайға қазақша ән салдырған да,
Бұл менің үнім!
Желтоқсанында сексен алтының,
Төккенде боранды қарлы балшығын.
Атам десеңдер атыңдар деп,
Ләззәт, Ербол, Рысқұлбековтер
Кескен үрімдей тамыр - талшығын.
Бұл менің тілім!
Бүлдіршіндерге жазғанда әліппе,
Ахмет атамыз қырық екі әріпке.
"Масамен" Крылов, Лермонтовтар
Мысалын сөйлеткен қазақша қәріпте.
Бұл менің тілім!
Қырғыздар түйреп найзаны
Келгенде отты қайрады.
Қасымұлы Кенесары
Өлсем де биікпін сенен деп,
Өр кейпінен таймады,
Бұл менің тілім!
Қалмақтың шапқанда Қалданы,
Абылай атойлап барғаны.
Есінде елдің бірауыз сөзінен,
Әбілмансұрды босатып салғаны,
Бұл менің тілім!
Жоңғарлар шығыста билігін құрғанда,
Жау жағаланып желкеден ұрғанда,
Қаншама жандарды тұсаулап қамап,
Жазықсыздан жазықсыз қырғанда,
Саңқылдап үнімен шешімін тауып,
Қаздауысты Қазыбек қылғанда,
Бұл менің тілім!
Еңсегей бойлы ер Есім кезінде,
Жұртын жиған Есілдің өзінде.
Іргесін бөлек сап Жиембет жыраудың,
Өкпесін төгетін төрт қатар сөзінде,
Бұл менің тілім!
Қолғаппен жыққан бар Еуропаны
Орсы кәріспен шатысқан қаны.
Отанын сүйетін Головкинді де,
Мен қазақпын деп сайратқандағы
Бұл менің тілім!
Әлихан, Тұрар,Міржақыптардың ,
Оятып көзін ашқанда ардың,
Абай, Ыбырай, Сұлтанмахмұт
Дәмін татырған жолдармен балдың.
Бұл менің тілім!
Ізін өшірмей бабаларымның
Хақ тілсіз болсам тоналарымның
Жалғастыратын көпірін үзбей
Мен боламын балаларың!