Weekend

Автокөлік нөмірлерін жинаушы коллекционер

Александр Соколинский автокөлік номерлерін жинауға үш жыл бұрын кіріскен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бәрі гараж сатып алудан басталды. Александр гараждың ішін әрлемек болып, қабырғасына екі нөмір жапсырған. Алғашқы нөмірді достары, тіпті жол полициясы қызметкерлері әкеп берген. 

Коллекционер Александр Соколинскидің ескі кадилагы бар. Ал мініп жүргені  - 1990 жылғы бюик. Оның ескі америкалық көліктерге деген құрметі ерекше.


Александр қоңырқай тіршілік кешіп, кабриолет жөндейді. Ал құштарлығы туралы сөз бола қалса, көзі жайнап шыға келеді. Коллекционер қолындағы жинағы туралы сағаттап айтуға бар. Көп адамға еш қызығы жоқ қалайы тақташалардан ол түрлі елдердің тарихын оқиды.