COVID-19
Әлемге таралып, суық қаруымен тамақтан алып ұрған індет қазақ еліне де өз күшін көрсетпей кетпеді. Талай жандардар айырылдық. Десе де бұйрыққа қарсы келер пәрмен бар ма? Осы сұрақтың жауабын іздей отырып, мынадай өлең жолдары қаламыммен түртілді.
Биылғы жыл әлем үшін ауыр болды,
Мына вирус кетпей-ақ жауыр болды.
Неше адам, неше тағдыр қыл үстінде
Бірі қалып, бірі кетіп, қайыр болды.
Жыл басынан келген індет оңдырмады,
Құтыламыз тез-ақ деп ек, болдырмады.
Айналасын жайпаған бұл вирустың
Келеді әлі басылмай қанды арманы.
Көрші елде бой алғанда "сол ма?" деп ек,
"Бізге жетпес" деген ойға бек сеніп ек.
Ара-тұра үш-төрт айда кеп жеткенде,
"Өтірік-ау" деп тағы да сенбеп едік.
Көктем кетіп, жаз келгенде халықтан
Маза кетті, ұйқы қашты, қамыққан.
Шет-шетінен демі жетпей қиналса,
Несі пайда қатерін оның кеш ұққан?
Сақтанбадық, тойда жүрдік, биледік,
Тұсау кестік, жар-жар айттық, үйлендік.
Қаперсізден қауіп келмес деп сенген
Қазақ едік, не күткенін білмедік.
Қазағымнан кетті-ау неше асыл жан,
Қарттарынан, орта жасы, жасынан.
Аяғы ауыр келіншектер бар дейді
Сол тізімде, қалайша енді жасыман?
Сол індеттен келмеске кетті неше адам,
Арман қуған, күш-қуаты тасыған.
Бұған дейін дәріден көз ашпаған,
Әлсіздері де бар еді, оны жасырман.
Әлсізсің бе, күшің бар ма тасыған,
Қарамайды бұл індетің тас ұрған.
Кімнен, қайда, қалай пайда болды деп,
Ғалымдар жүр емін іздеп, бас ұрған.
Құйтырқысы бұл вирустың мынадай,
Ішке кіріп, аңдып жатар сұрамай.
Сәл әлсіздік танытса адам ағзасы,
Әкетеді-ау тұла бойын бұрап-ай.
Есі кетіп адамның, естемейді құлағы,
Тамаққа да тәбет жоқ, дәм сезбейді тіл-жағы.
Аяқ-қолың босаңсып, әлсіретіп әкетер,
Ұқсамайды бұл бәле сырқаттарға баяғы.
Ауа жетпей, өкпесі ісіп, қабынған,
Қиналса адам , қайысады қабырғаң.
Өмір-өлім арасында күресіп,
Шипа сұрап, Аллаға біздер табынған.
Ауру келсе, шипасы оның Алладан,
Сұрай бергін дұға тілеп, талмағын.
Көзі түзу болса егер Раббының,
Жасап берер пендесінің бар қамын.
Ал ендіде кету керек болса егер,
Кедергілер алынып, төселер ме көк кілем?
Демі жетпей, қиналғандар кеудесі
Бір тыныштық табар ма екен...жоқ... білмен.
Көк кілеммен көкке ұшса жандары,
Хақ тілеуін Құдіреттің жек көрмен.
Қиналғандар босатылса керісінше
Тынысы ашыла ма деп білем.
Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін