Bugin

Илон Маск беретін 10 кеңес

Илон Рив Маск – канада-амеркикалық кәсіпкер, инженер, өнертапқыш, инновациялық жобаларды инвестициялайтын бизнес-магнат.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

SpaceX, Tesla Motors компаниясының негізін құрушы, басшысы, SolarCity,  PayPal тең құрылтайшысы, баламалы энергетикаға қатысты жаңа технологиялар жасауға, экологиялық таза электромобильдерді, үнемді күн сәулелік электр станциясын құрастыруға қатысқан.

Ол адам қабілетінен тыс деңгейдені OpenAI жасанды интеллект жасау, Hyperloop концептуалды жоғары жылдамдықты тасымалдау жүйесі, Марсқа саяхаттай алатын әуе кемесін жобалау мәселелерімен айналысқан.

Ендеше ірі жетістікке жеткен Илон Масктың кеңесіне құлақ түрсек. 

1. Істеп жатқан жұмысыңнан ләззат ал!

Сіз өз ісіңізден шынымен ләззат алғанда, сізге мотивация іздеудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, сіздің сүйікті іс-әрекетіңіз сізге қуат береді, бұл кез келген дағдарысты жеңуге көмектеседі

2. Тәуекелге барыңыз.

Маск ақшаның көп бөлігін SpaceX пен Tesla-ға салғаны соншалық –  өмір сүру шығындарын жабу үшін достарынан қарызға ақша алуға мәжбүр болды.

Алайда соның бәрі ақталды. Қазір Илон – әлемдегі ең бай адамдардың бірі.

3. Жығылудан қорықпа.

Барлығын жоғалтамын деген қорқыныш сізді тоқтатпауы керек. Қандай жағдай болмасын, кеткен қателік пен жинаған тәжірибе өміріңіздің жаңа белесі боп қаланбақ.

4. Ең жақсысын жасаңыз.

Ең жақсы өнімді жобалау немесе бірегей нәрсе жасау – бұл маркетингтің ең күшті әдісі.

Бұқаралық ақпарат құралдары сіздің өніміңіз әлемдегі ең жақсы өнім туралы айта бастағанда, өзіңнің дұрыс жолда екеніңді сезінесің.

5. Үйреніңіз.

Илон автокөлік жасаумен де, зымыран жасаумен де айналысқан адам емес. Бірақ оның бұл салаға келуіне ештеңе де кедергі болмады. Автокөлік құрастыру саласында белді Tesla компаниясы, ғарыш саласында SpaceX компаниясы бар.

Ғаламторда кітап та, ақпарат та көп. Ал да оқы. Үйрен.

6. Сыннан қорықпаңыз.

Илон Маск сынды тыңдауға кеңес береді. Егер ол сындарлы болса. Ешқандай жағдайда оған ренжімеңіз. Сын кейде өте пайдалы.

7. Оңалмайтын оптимист болыңыз.

Илонның айтуынша, нәтиже мен дедлайнды барынша жоғары қойған жөн. Барынша жоғары қойған сайын, өнім тез дайын болады. Соншалықты прогресс жасауға болады. Шығынды 90 пайызға дейін төмендетуді жоспарлаңыз. Ол да орындалады. Сонда мәселенің қалтарысын көресіз.

8. Ең жақсыларымен жұмыс жасаңыз.

Фирма дегеніміз – өнімді немесе қызметті жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін адамдар тобы.

Илон Маск USC-да сөйлеген сөзінде "егер сіз қандай да бір компания құрып немесе жұмыс істеп жатқан болсаңыз, ең бастысы сізді шынымен құрметтейтін адамдармен жұмыс жасау керек" екенін түсіндірді.

9. Кітап оқу.

Жоқ, байыпты түрде, сіз кітап оқымай-ақ бір нәрсе білемін деп ойлайсыз ба?

Кітап оқуды ұнатпаймын дейтіндердің көпшілігі дұрыс емес кітаптан бастаған. Мысалы, Маск балалық шағын кітаппен өткізген. 

10. Өмірден рахат алыңыз.

Маск өзінің жұмыс қабілеттілігіне қарамастан, демалуға және көңіл көтеруге уақыт табуға тырысады.

Ол музыка тыңдауды ұнатады, әсіресе көлікте жүргенде, кино көруді ұнатады, көне машиналар мен спорттық машиналарды жинайды, анда-санда видео ойындар ойнауға уақыт бөледі.