Bugin

Абайдың қара сөздерін тақырып бойынша жіктеу

Қара сөздер - Абай Құнанбайұлының толғанысынан туған көркемдік, әлеуметтік, сыни терең көзқарастарынан жинақталған еңбегі. Әлемнің бірнеше тіліне аударылған бұл туынды ең алғаш 1918 жылы Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Сол күннен бері қара сөздердің құрметі артып, түрлі талдау жұмыстары мен жобалардың саны артты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
  • Өмірбаяндық : бірінші сөз;
  • Қазақ  даласындағы әкім, тергеуші, соттар жайында: үшінші сөз;
  • Мақал-мәтелдер туралы: бесінші, жиырма төртінші, жиырма тоғызыншы сөз;
  • Бала психалогиясын талдағаны: жетінші сөз;
  • Күлкі туралы сыни ойы: төртінші сөз;
  • Халықтарды салыстыру: екінші сөз;
  • Білім, ғылым, өнер туралы: он сегізінші, жиырма бесінші, отыз бірінші, отыз екінші сөз;
  • Дін, тәрбие қатысты ойлары: он екінші, он үшінші, он алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз сегізінші, қырық бесінші сөздер;
  • Нақыл сөздерінен туратын: отыз жетінші сөз;
  • Халықтың мінез-құлықтарын суреттеу: алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он төртінші, он тоғызыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз үшінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші сөздер;
  • Адамгершілік, ар-ұят мәселесі: он бірінші, он бесінші, он жетінші, он сегізінші сөздер;
  • Өмір жайлы толғаныстары: жиырмасыншы, отыз төртінші сөздер.

 

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін