МӘДЕНИЕТ
Ортаңқол туындылар драма, криминалдық жанр трендте жүреді, комедиясы миллиард табысқа алғышарт жасайтыны бар. Ал хоррор, триллер жанры қазаққа керек пе?!
Өзге жанның ойында не барын білмейтініміз бар. Сол үшін өзім жазып жатқан еңбекті айтқаным, көңілге қонымды.
"Өмірге не үшін келгеніңді білесің бе?!" дейтін әкем. Оның жауабы "бір қазақты көтеру, мүмкін ақша үшін жұмыс жасарсың, бірақ ол ақшаны екінші дүниеге өткізу қайда, сол үшін еліңнің абыройыңды көтеруге тырыс, абырой ұятқа қалдырмайды" болатын. Осы сөзді өзіме мұрат тұттым. Әке сөзі – бар өмірімнің мәнін кіргізетін қасиетті сөз.
Сонымен не үшін бұл триллер жазу керегімді түсіндім.
Енді?!
Сценарист ретінде оқуды емеспін, Анамның жетегімен құрылысшы мамандығын оқып жатқаным рас.
Дегенмен жүрек қалауымен интернет желілерінен өзіме сценаристтік білім іздендім. Ары ақтарып, бері ақтарып жүргенде сценарий жазуды қоса алып жүрдім. Атауы – Жады. Триллер ретінде көргім келетін өзімнің төл жемісім. Қазір сериал ретінде 2 серия жазылды, 10 серияға жеткізу керегі бар.
Негізгі идея мынау: Жома (Жомарт) есімді 19 жастағы жігіт өмірге екінші рет келеді. Әлеуметтік желілерде өмірге екінші рет келген дейтін ақпараттар негізіндегі фантастикалық триллер. Джома өмірге екінші рет келуімен алдыңғы өмірдегі мәселелері алдына шыға бастайды. Ол өзін қорқытқан, ішіне жын кірген келінімен жатуы кесірінен туған ауру баласы боп шығады. Алдыңғы өмірдегі өз немересі Молшылық үйіне арендаға тұрады. Ал Молшылық жалғыз өзі қалған. Бәрі келінінің тапаншасынан көз жұмған, тек молшылық полицияға дереу жетуінің арқасында аман қалыпты. Былай айтқанда шым-шытырық оқиға, қалай жазғанымды өзім түсінбеймін.
Бұл жобаға әлі толықтыру ретінде 8 серияны кәсіби сценаристтермен бітіру ойда бар, себебі өзімнің білімім және ресурстарым 8 серияны жазуға жетпейді. Егерде қысқаша идеясы ұнап, шыққанын қаласаңыз, сценарист және режиссер достарыңызды Qarabalagoo инста-парақшасына жетелеп әкелсеңіз, көп көмек келтіргеніңіз.
Бұл мақала қолдау сұрап,өзімді керім сезінгенім емес,сіздердің кең жүректеріңіз қандай мәрттікке баратынын сезіне аламын ба,алмаймынба?!
Қазақ киносы өлмейді, себебі түрлі креативті, түрлі адам қазақта жетеді. Тек сол адамның креативті ойы қазаққа керек пе?! Бір кәдесіне жарай ма?! Ойлану керек.