МӘДЕНИЕТ

Тәуелсіздік – тұғырым

Тәуелсіздік, келді міне азат күн...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

   Тәуелсіздік тұғырым, алтын күн

Бар қазақты шаттандырар жарқын күн.

Қиын кезеңдерді артта қалдырғаны үшін

Ата-бабамызға бас иер, алғыс күн.

 

Батырлардың біз ұрпағымыз

Елбасымыз біздің көшбасшы.

Аянбай аталардың күресімен

Елім тәуелсіз атанды.

 

Мақтанамын, ізімін деп алаштың

30 елдің қатарына таласпын.

Ел бастаған елбасының еңбегі

Ел өмірін гүлдендірер ғажап тым.

 

Тәуелсіз елім-тұғырың сенің биікте

Қазақстаным-дами бер алға,көрікте.

Ыстық Отан-мақтанарлық шетелге

Ал Ақтауым-орның сенің жүректе.

 

От кешкен өр ұлдары қазақтың

Алаштықтар тарттың түрін азаптың.

Арман болған сіздерге-

Тәуелсіздік,келді міне,азат күн.

 

Еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 29жыл толып отыр.Барша қазақ жұртын осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Ашық аспан астында мәңгі ғұмыр кешейік. 

Ақшолпан Түзелбай