Авторлық ертегі
Кішкентай Жадыбектің басынан қандай қызық оқиға өтті? Мидағы кішкентай қызметкерлер жайлы не білесіз?
Менің атым – Жадыбек. Мен кішкентай жадымын,яғни адамның миында қызмет етемін. Көптен бері ойымда жүрген арманым орындалып келеді. Себебі мен адамның миына, иә, иә, кәдімгі миына тәжірибеден өтуге барамын.Бұл әр жадының арманы ғой.Ол жақта бәрінің өз қызметтері бар.Тәжірибеден өтушілер арнайы мидың қызметкерлерінен дәріс алады.Өте қуаныштымын. Мен дәл қазір жолға шықтым.
Міне, мен келдім. Адамдарға тек бас болып қана көрінетін мүше кішкентай қызметкерлерге үлкен оқу орны іспеттес. Қандай керемет! Қанекей, жеделсатымен көтеріліп келе жатырмын. Мәссаған, қаншама қызметкер, недеген қарбалас жұмыс?!
- Кешіріңіз,жас тәжірибеден өтушілер қай бөлімге барады?
- Сен жас жадымысың? Иә6 сені бастық күтіп отырған.Ана жерде есеп-қисап қызметкері отыр,сол сені апарады.Сәттілік тілеймін!
-Рақмет-рақмет.
О-о-о барған сайын ұнап келеді. Қызметкерлері де мейірімді екен. Мына бір жерде «жады бөлімі» деп жазылыпты. Мүмкін кіріп көрермін.
Бөлмеде түрлі деректер қоры,шаң басқан мәліметтер көп екен. Қызық бұл жердің қызметкері қайда екен? Бір нәрсе байқадым7
- Ата?
- Бұл кім, қарағым? Менің көзім көрмейді.
- Ата,мен жас жадымын.Осы мида тәжірибеден өтуге келдім. Бұл ми жас адамның миы секілді еді. Барлық қызметкерлер жас, есеп шығарушы,шығармашылық, спортшы, дәрігер - бәрі дерлік жап-жас. Ал сіздің қартайып кетуіңізге не себеп?
- Мен жас едім,жас бола аламын қазір де. Бірақ осы бастың егесі есте сақтау қабілетімен дұрыс жұмыс жасай алмайды.Сол себепті мен қартайып бара жатырмын.Ол адам қандай да бір мәлімет сұраса,мен таба алмай қаламын. Іздеймін дегенше біраз уақыт өтіп кетеді. Мына жерде шашылып жатқан мәліметтерді көрдің бе? Міне, осында ол адамның естеліктері мен оқыған ақпараттары бар. Егер ол осы нәрселерді қайталамаса, ол мәліметтер жойылады.
-Жады ата, сізге көмек берейін.Екеулеп мына мәліметтерді реттеп,жинастырайық.Содан соң ол адамға қайтадан есте сақтау қабілетін жақсартсың деп белгі береміз. Қабілетті жақсартуға амалдар көп қой: кітап оқу, түрлі ойындар ойнау, пайдалы тағамдар жеу.
- Балам, жақсы ой айттың. Бірақ ол адамға қалай белгі береміз?
- Атау, түс бөлімшесіндегі қызметкерге барсақ, өзі-ақ көмектеспей ме?!Бізге қажет сюжет бойынша оқиға жасап береді. Мен бұл туралы «Мидағы кішкентай қызметкерлер» атты дайындық кітабынан оқығанмын.
- Жарайсың! Ақылды екенсің. Менде қайбір ес қалды дейсің? Оқығанымды сол мезетте ұмытып қаламын. Қазір екеуміз түс бөлімшесіне барамыз, артынша сені бастыққа айтып жаңыма көмекші етіп сайлаймын.
-О рақмет ,ата.Тәжірибеге өтуге келіп, бірден үлкен жадының көмекшісі болғанымды ата-анам естісе, қатты қуанатын болады.Мен тағы бір арманыма жеттім!