Weekend

Өскеменім өскелең....

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласына биыл 300жыл толды. Ертіс пен Үлбінің бойында орналасқан табиғаты әсем, сүйікті қалама арнап жазылған өлеңіммен бөліскім келеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өскеменім.....

Сен көркемсің, сұлусың

Оң жағыңда Алтайың

Сол жағыңда көлдерің

Тұрғандайсың марқайып,

Асқақ тұрған Алтаймен.

Үлбіреген Үлбімен

Табиғатың ерекше

Шаттанамын, бір күлем.

 

Дара туған елімсің,

Дана туған жерімсің.

Арындап тұрған екі өзен,

Қуанады көңіл шын.

 

Шырайлы қып Шығысты

Орда болған Өскемен!

Шыр айнала таппайтын

Жұмақтайсың мен үшін.

 

Құтты болып туған күн

Жайнай берші Өскемен!

Шырайы болған шығыстың

Өскеменім өскелең.

Әмина Бақытбекова