Қоғам

«Абай» және «Әл-Фараби» телехикаялары эфирге шығады

Тұсаукесер.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тәуелсіздік мерекесінде «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы жылдың басты жобасы - ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай» және әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби» телехикаяларының тұсауын кеспек, деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы.

«Абай» телехикаясы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы негізгі оқиғаларды арқау ете отырып, Абай өмір сүрген кезеңді бейнелейді. 6 бөлімнен тұратын сериалда ақын өмірінің үш кезеңі қамтылған.

Абайдың кемеліне келген шағын Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов, жас Абайдың бейнесін Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен жасөспірімдер театрының актері Дархан Сүлейменов, ақынның бозбала шағын актер Әли Тұрсынхан сомдады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61