Әлем жаңалықтары
Басқаларға құқығымызды таптауға жол бермейміз.
Шектеу шаралары өткен жылдың ортасында Ресейден «С-400» зениттік зымыран кешенін сатып алуға байланысты қабылданған.
Санкцияларға сәйкес, Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі басқармасына АҚШ-та экспортқа арналған лицензиялар мен рұқсаттар беруге тыйым салынды. Сондай-ақ аталған басқарманың басшысы Исмаил Демир мен 3 қызметкерінің Құрама Штаттардағы активтері бұғатталды.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:
– НАТО-дағы одақтасымыз – АҚШ-тан санкциялар емес, біздің аймақта бүлік тудырғалы отырған террористік ұйымдарға қарсы ортақ күресте қолдау күтеміз. Біздің ел ешқашан көршілерімен немесе басқа елдермен қақтығысқа бармайды. Біз тұтас аймағымыздың, сондай-ақ әлемнің болашағы үшін күресіп жатырмыз. Бірақ бұл біз үнсіз отыра береміз дегенді білдірмейді. Басқаларға құқығымызды таптауға жол бермейміз.