Қоғам
Алматыда жастар бейбіт шеруге шығып, өз ұстанымдарын айтып ұрандатуда
16 желтоқсан күні таңертең Алматы қаласы, Сәтбаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысында «Oyan, Qazaqstan!» еріктілері “Желтоқсан” және “Жаңаөзен” оқиғаларын еске алып, митингке шықты деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы.
Олар 16 желтоқсанды “қаралы күн” деп жариялауды талап етті.
Жастар “Отанымды жеме, Нұрсұлтан”, “Әділ сайлау үшін”, “Оян,Қазақстан!”, “Желтоқсан ұмытылмайды! Жаңаөзен ұмытылмайды” деп ұрандатты. Шерушілерді арнайы жасақ қоршауға алғанына қарамастан, олар өз ұстанымдарын жібермеуде.
Еске сала кетейік, 2021 жылы қаңтар айында парламент сайлауы өтеді.