Hi-Tech

Жапония ұшатын көлік жасайды

Жапония тағы таңғалдырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Күн шығыс елі күтпеген мәлімдеме жасады. Әлемнің алпауыт 21 компаниясының басын қосып 10 жыл ішінде ұшатын көлік жасайтынын мәлімдеген жапондардың тізімінде белгілі Uber, Boeing, Aibus, Cartivator, Japan Airlines компаниялары да бар.

 

Бұл мәселе бойынша жекеменшік компаниялар ғана емес, жапон билігі де араласып отыр. Министрліктің жауабына сүйенсек, Жапония ұшатын көлікті жасауға деген барлық мүмкіндікті жасап қана қоймай, қолдан келгенше көмектесуге дайын екенін айтты. Егер бұл әрекет тез және нақты орындалатын болса Жапонияның АҚШ секілді алпауыт елдердің экономикасына әсер етері анық.

 

Жапондарға ұшатын көлік не үшін керек болды?

Ұшатын көліктердің сынақтан ғана өтіп жатқанын ескерер болсақ, бұл сала бойынша біреудің алдын орап кететін әлі компаниялар жоқ. Дегенмен жоғарыда атап өткен кейбір кәсіпорындар өздерінің осы салаға қызығушылық танытып жатқаны айдан анық. Темірді қызған кезінде басуға ұмтылған жапондардың бұл әрекетін әбден құптауға болады.