Қоғам
Порнография-адамды үлкен күнәға жеткізумен қатар,бүкіл өмірінің трагедиясы болатын аса зұлмат видео индустрия. Стастистикаға сүйенсек, мынандай сұмдық цифрлар бар.
○Ақш-та ажырасудың 50%-і осы индустрия кесірінен.
○Адамдар тәуелділік кесірінен өмірдегі бар қуаныштан ләззат ала алмай,тек ұятсыз видеоларды көруді әдетке айналдырады.
○Индустрия өкілдері жыл сайын миллиард доллар табады және көрермендер әр түрлі құрлықтағы адамдар әрі олар адасуда.
Ғалымдардың зерттеуінше, порнотәуелділік 14-15 жастан басталады. Басында ұятсыздық ретінде емес, қалыпты жағдай деп саналады. Бірақ оны шектен асыра көре беру — көп проблемалардың басын ашары рас. Кей адамдар тәуелділікті 2-3 видеодан қойып кетеді. Себебі ол мейірімге бөленген азамат не азаматша. Ал қалған тұлғалар, өскіндер бұл әдетті 10 жылға, 5 жылға дейін созып, түбінде қиындықтарға ұшырайды.
○психологиялық ойларды бұрмалайды, оларға мынадай ойлар келеді:
○Әйелдердің адамдық қадірі төмен. Көп бейнелерде еркек әйелдерді ақша арқылы бағындыратын көріністері бар. Яғни оған ақша төлесе, некесіз қатынасқа рұқсат. Әйелдер ойыншық, онымен қалағаныңша ойнастық қылуға болады.
○2-ші ой: балаларға онымен айналысуына болады.
○Бейнелерде қыздарды бала бейнесіне келтіріп, яғни шашын кішкентай қыздарша буып, қолына ойыншық ұстатып қою-ының астарлы ақиқаты: ересектер балалармен қатынасқа түсе алады. Бұл көрермендердің балаларға сексуалдық көзқараспен қарауына әкеледі.
○3-ші ой: заңсыз дүние әрқашан қызық.
○бейнелерде жыныстық қатынас қауіпті әрі заңсыз болса, одан ләззат алу керемет. Бұл заңсыздықтарды көп тіркейді.
○4-ші ой: жезөкшелердің өмірі сәнді.
○элиталық үйлерде біреудің қойынында жатып, анайы қылық жасайтындар ол нәрсені өздігінен жасауы мүмкін бе?! Әрине, жоқ. Себебі әр адаммен жыныстық қатынасқа түсу әртүрлі ауруларға әкеледі. Кейбірі осыдан көз жұмады, ал қалған актерлер ауыртпашылықты есірткімен емдеуге жүгінеді.
Бұл сұмдық Статистика мен ақпараттарға сүйеніп айтсақ, таңға дейін айтатын дүние көп. Емделу жолдары қандай?!
Бірінші: Мойындау
Сіз оған тәуелді екеніңізді, рухани қирауға шақ қалғаныңызды мойындап, оны жеңуге іштей иммунитет құрыңыз.
Екінші: өзіңіз сенім артатын,білікті маманға тәуелділігіңіздің емін сұраңыз. Мамандар сізге қалыпты қарайды, себебі бұл әлемдік проблема.
Үшінші: хоббилер табыңыз, олармен айналасыңыз.
Мен порно туралы 15 жасымда білдім. Алғашқы ақпаратты көше балалары берді, көрсетті. Бірақ, өзімде телефон жоқ болғанының арқасында, мектеп бітіргенше ол туралы ұмыттым. Сөйтіп, колледжге барғанда, менің хоббилерім көптігі арқасында, сонымен айналысып, тәуелділікті үздім. Бірақ адам болғасын, өзімді үнемі бақылауда ұстаймын,себебі адамдар өздерінің жеке мәселелерінде салғырттық танытып, нәпсіні көп алға кетіреді.
Сонымен барлық кеңестер:
Шынайы өмірге шығу,телефондағы азғындаушы ақпаратты бұғаттау, өзіңізге сенімді маман тауып,онымен кеңесу,және оны көруге әкелетін, азғыратын бүкіл жолдарын өшіруге тырысыңыз.Адам нәпсі мәселелерін иманға тіреуі қауіпті, себебі шайтан әр жерден азғырады. Өзіңізді саналы адам ретінде одан тиыңыз. Сонда иман күшейіп, діни тұрғыданда оған қарсы тұра аласыз.
Тәуелсіз бол!Ойлы бол
Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін