Әлем жаңалықтары

Шоқан Уәлихановтың шығармалары ағылшын тілінде жарық көрді

Алғаш рет.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шоқан Уәлихановтың шығармалар жинағы алғаш рет ағылшын тілінде жарық көрді, деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы.

Кембридж университетінің баспасы Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігімен серіктестіп Қостанай облысы әкімдігінің, Қазақстанның Ұлттық аударма бюросының, сондай-ақ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолдауымен ХІХ ғасырдың аса көрнекті қазақ ғалымдарының бірі Шоқан Уәлихановтың таңдаулы шығармаларының ағылшын тіліндегі жинағын ұсынды.

Елші Е. Ыдырысов жоғары тарихи және ғылыми құндылығына қарамастан Ш.Уәлихановтың еңбектері әлі күнге дейін ағылшынтілді әлемде кеңінен танымал болмағанын атап өтті.

 «Ш. Уәлиханов Қазақстанның ғана емес бүкіл Орталық Азияның тарихы мен мәдениеті үшін қосқан үлесі орасан. Оның еңбектері осы маңызды аймақтағы халықтар өмірінің көптеген аспектілеріне жарық түсірді. Бүгін біз Ш. Уәлихановтың 1865 жылы ағылшын тілінде жарық көрген төрт шығармасынан бергі алғаш рет аударылған жинағын ұсынамыз», – деді ол.

Кітапқа Ш. Уәлихановтың Орталық Азияның географиясын, тарихын, этнологиясын және экономикасын зерттеуге арналған ең маңызды ғылыми еңбектері енген. Ағылшынтілді оқырмандар үшін бұл шығармалар өңір тарихын зерттеуде таптырмас қазына болары анық.

Іс-шараға Қазақстан, Ұлыбритания, Канада, БАӘ, Перу, Польша және Түркия, әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық қонақ қатысты.