Қоғам
Жириновский Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбалар ортақ байлық болғандығы жайлы айтты
Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский Кеңес Одағының ыдырауы туралы шешімді тағы бір рет сынға алды , деп хабарлайды bugin.kz авторлар платформасы radiokp.ru. сілтеме жасай отырып.
Сонымен қатар, ол қазақ жеріндегі табиғи ресурстар бұрын ортақ байлық болғанын айтты.
"Ресейде мұндай ресурстар бар, бұл – кәмпит. Егер біз Кеңес Одағын сақтап қалсақ, онда біз бүгінде ең пайдалы ресурстарға бай ел болар едік. Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбалар- осының барлығы біздің ортақ байлығымыз екенін елестетіп көріңізші. Оны тіпті есептеу мүмкін емес.
Біз ең бай мемлекет болдық. Горбачев өзінің не істегенін түсінеді ме? Қандай қайта құру? Қайдағы Рейган мен Буш? Оларға барудың қажеті жоқ еді. Елді аралап жүре беру керек еді. КОКП-ны екі бәсекелес партияға айналдырайық. Республикаларды алып тастайық. Барлық аймақтарға көбірек құқық берейік. Барлық бизнеске көбірек құқық берейік. Ел жарқырайды", - деді саясаткер.
Бұған дейін ол РФ Мемлекеттік Думасы бойынша әріптесі Вячеслав Никоновты қолдап, Қазақстан жері Ресей тарапынан берілген сыйлық екенін мәлімдеген болатын.
«Ол бәрін дұрыс айтты. Никонов – өте сауатты адам. Оның атасы Молотов Вячеслав Николаевич тірі болғанда, оны қолдаушы еді. Орал, Семей, Петропавл – Ресейдің жері. Бұл жерде Қазақстанның қатысы қанша?»- деп өз ойын білдірді Жириновский.