COVID-19

Коронавирус: Екі ордамыз "жасыл" аймаққа енді

Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары коронавирустың таралуы бойыншы «жасыл» аймаққа енді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары коронавирустың таралуы бойыншы «жасыл» аймаққа енді деп хабарлайды bugin.kz авторлар платформасы.

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Шығыс Қазақстан облысы Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының деректеріне сәйкес, коронавирустың таралу қарқыны бойынша «жасыл» аймаққа ауысты. Матрица Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сайтында жарияланған.

«Қызыл аймақта» тек Атырау облысы қалды. «Сары аймақта» СҚО, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстары орналасқан. Қалған өңірлер «жасыл аймақта» тұр.