Bugin
Жүректеріңізді тыңдай біліңіз. Ол ешқашан қателеспейді.
Журналистика мәртебелі мамандықтардың бірі. Халық пен үкіметті біріктіріп отырған алтын көпір іспеттес. Кейде маған неге таңдауын журналистика мамандығына түсті деп сұрап жатады. Ал менің әдеттегі жауабым -білмеймін . Расыменде нақты не себепті екенін біле алмадым. Бір білерім бұл менің жүрек қалауым. Бала кезден шығармашылыққа өнерге қызықтым . Бастапқы кезде бұл жәй ғана бала қызығушылығы болатын , ал кейіннен ол менің өмірімнің мәніне айнала білді. Өмір қарап тұрсаңыз керемет , жарқын , әдемі кейде тылсым, түсініксіз . Абай атамыз айтқандай :
" Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан."
Иә біздің мақсат - мұратымыз өз орнымызды табу.Мектеп кезден ойлаушы едім мен атақты режиссер боламын деп . Сірә, ол тек қана арман .Ал экранда кім жүргісі келмейді дейсіз . Болашақта менде экранның жұлдызы болармын . Жарқыраған ойшыл да сөзшіл Сая.Бұл сөздер құлақтың құрышын қандыруда. Журналистика мамандығында оқып жатырмын десем естігендердің көбісі қыз балаға журналистика не керек, журналист болып жарытпайды да деп ащы тілдерімен адамға дөп етіп айта салады . Сондай сөздерді естіген мен кейде ойға шомылып сала берем . Расыменде басқаны қайдан әйтеуір өзім туралы ойлана кеттім . Меннен журналист шыға ма өзі? Мен xалықтың көңілінен шыға аламын ба ? Журналист болуды қалаған жүрегім мені алдамады ма ? Әлде бұл қате шешім бе ? Деген ой жиі мазалайтын . Кейде қолыма қалам алып бір нәрсе жазайын десем ойыма ешнәрсе келіп болмайды. Бейне бір шөлді саxарада қалып қойғандаймын. Сондай кезде суы , азығы таусылған адамға ұқсай кетемін . Сонда мен журналист болып жарытамын ба ?! Деген сұрақтар маза бермейді. Бір күні лекция сабағында отырып ойдың етегінде кете барыппын. Асығып тез тез қаламымды алып парақ бетіне бәрін үтір нүктесіне дейін жаза бердім . Шабыт . Шабыт өте қызық құбылыс емес пе. Қашан қай жерде келетінінен бейxабармыз. Оны неге жазып отыр деп ойлап қалған боларсыз. Айтайын дегенім мен қаншама уақыт келмей жүрген шабытты дәрістен кейін алдым . Аға-апайлардың сабақтары маған шабыт береді де тұрады . Соны байқаған менде өзімнің жеке күнделігімді өзіммен бірге алып келемін. Жастарға айтарым өмірде кім болуды мына өздеріңіз шешесіздер. Тек бір ақылым өз жүректеріңізді тыңдай біліңіз ол ешқашан қателеспейді. Армандаған жүрек қалауларыңызға жете біліңіз.