Денсаулық

Ресей халықаралық және әлем жарыстарына қатыса алмайды

Ресей халықаралық жарыстар мен әлем чемпионатынан шеттетілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейлік спортшылар 2022 жылдың 16 желтоқсанына дейін халықаралық ірі жарыстарда Ресей туының астында ойын көрсете алмайды, деп хабарлайды bugin.kz авторлар платформасы «Р-Спорт» агенттігіне сілтеме жасап.

Спорттық арбитраждық сот (CAS) Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігі (WADA) мен Ресейдің Допингке қарсы агенттігі (РУСАДА) арасындағы дау бойынша осындай шешім қабылдаған. 

Сонымен қатар Ресей осы кезең аралығында өз жерінде халықаралық жарыстар өткізе алмайды.    

Бір айта кетерлігі, аталмыш шектеулер тек әлем чемпионаттары мен Олимпиадаларға ғана қатысты. Ал Еуро-2020 футбол матчы (ол 2021 жылға ауыстырылған болатын) мен Чемпиондар лигасының финалын өткізуге тыйым салынған жоқ.