Алматы

Әуезов театрына «Ұлттық» мәртебесі берілді

Сүйінші хабар!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық театрға ұлттық мәртебесі берілді. Бұл туралы өнер ордасының инстаграмдағы парақшасында жазылды деп хабарлайды, Bugin.kz авторлар платформасы.

«Сүйінші хабар! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жарлығымен Әуезов театрына "Ұлттық" мәртебесі берілді. Енді М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық академиялық драма театры атандық. Қазақ театрының қара шаңырағы - Әуезов театрының 95 жылдық тарихы бар. Театр өнерінің корифейлерінің ізі қалған өнер ұжымын бүгінгі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!» - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, өңірлердегі бірнеше өнер ұжымдарының да атауы өзгерді.

Түркістан облысы Келес ауданының Мәдениет үйіне ҚР Халық артисі Әшірәлі Кенжеевтің есімі берілді. Одан бөлек, кеше астанадағы Қабатовтың театрына Әзірбайжан Мәмбетовтің есімі берілді.

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін