Денсаулық
Ғалымдар бұл хоббидің өмір сүру ұзақтығына да септігі барын анықтаған.
Ән айту адам денсаулығына оң әсерін тигізетіні анық. Жақында ғалымдар бұл хоббидің өмір сүру ұзақтығына да септігі барын анықтады деп хабарлайды, Bugin.kz авторлар платформасы.
Ғалымдардың айтуынша, ән айту арқылы адамның психикалық жағдайымен қатар физикалық жағдайы да жақсара түседі. Атап айтқанда, әнді жиі айтатын адамның Альцгеймер және деменцияға шалдығу қаупі азайып, депрессия белгілерінен жылдамырақ арылады.
Мамандар сүйікті әнін айтқан кезде адамның бойынан эндорфин бөлінетінін атап өтті. Бұл гормондар адамның көңіл-күйін жақсартып қана қоймай, өзін сергек әрі бақытты сезінуіне көмектеседі.
Бұл ретте вокалдық қабілеттің болуы маңызды емес. Себебі ән айту сапасына қарамастан ол адам организміне жақсы әсер етеді.
Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, ән айту миды оттегінің көп мөлшерімен қамтамасыз ете отырып, дұрыс қызмет етуіне көмектеседі. Бұдан бөлек, қан қысымын төмендетеді.
Бұл туралы Express британиялық ғалымдардың зерттеуіне сілтеме жасай отырып жазған еді.