Қоғам

Саиров: Тоқаевтың саясаты дұрыс!

Өндірісті өзіміз-ақ баяғыда қолға алуымыз керек еді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр Отанды жақтаушы һәм бас билікті ақтаушы, саясаттанушы Ерлан Саиров тегеш туралы біраз әңгіме айтып тастады facebook-тегі парақшасында.

(Бұл бұйымды қазақ тазик, кірлен, кәрита, дегер, леген, тегене, шара, шылапшын деп те атайды).

Біріншіден дейді Саиров, тазик әр үйге керек дүние. Бұл даусыз факт.

Екіншіден дейді, бұл жалғанда "қарапайым заттар" экономикасы деген түсінік бар, барша экономикалық процестің локомотиві ол.

Бұл салада өндірістік цикл құру жеңіл, жұмысшыларға асқан білік қажет емес, ал өніміне халық тарапынан жаппай сұраныс бар.

Тегеш-тазик, түрси-мәйкі деген ұсақ-түйек заттар осы.

Түркия "Байрактарға" дейін өз экономикасын осындай "қарапайым заттар" экономикасы арқылы көтеріп алды.

Біз Қытай, Түркия, Қырғызстанның жеңіл өнеркәсібін асырап келеміз. Өндірісті өзіміз-ақ баяғыда қолға алуымыз керек еді. Ел Президенті Тоқаевтың саясаты дұрыс!

Тегешке күліп, билікті табалай бермейік. Осы тегештен бастап, пластмасстан түрлі бұйым жасай бастауымыз керек, деген екен Саиров.

Естеріңізге сала кетейік. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавл қаласындағы металл және пластик бұйымдарын шығаратын зауытқа және С.Киров атындағы зауытқа барған еді..

Содан, журналист Оңғар Қабден Facebook-те президентімізге "қатты ренжіді". Оның пластмасса ванна шығаратын жерге барып, "өзіміздің өніммен" танысқанына намыстанып кеткенге ұқсайды, деп жазды paryz.kz.

"Айтсам, тағы ренжисіңдер. Елдің президенттері ұшақ шығаратын, ракета шығаратын зауытқа барып жүр. Не мынау ал?! Таныстырып тұрған тұрысты айтсайшы!.. Байрактардың қосалқы бөлшегін көрсеткендей. Мынадай пластмасса ваннаны Қытайда екі үйдің бірі шығаратын шығар", - деген.