Қоғам
Журналист Алексей Венедиктов Никоновтың Қазақстан туралы айтқанына пікір білдірді
Ресейлік белгілі журналист , "Эхо Москвы" радиостанциясының бас редакторы Алексей Венедиктов депутат Вячеслав Никоновтың Қазақстан жайында айтқан негізсіз сөзіне пікір білдірді.
"Бірақ Никонов ол Никонов емес қой. Ол, біріншіден, Мемлекеттік Думаның депутаты. Екіншіден, басқарушы партияның қызметкері және комитет төрағасы. Үшіншіден, Риббентроппен аумақты қайта бөлумен айналысқан Молотовтың немересі. Сондықтан бұл мен үшін үш есе ауыр реакция тудырды. Тексермей, құр сөйлей беруге үйреніп қалғанбыз. Жауапсыздық. Біздің СІМ (Ресей) Никоновтың осы аймаққа барғанына ашуланды", - деді Алексей Венедиктов.
Естеріңізде болса, Алексей Венедиктовтың өзі 2015 жылы өзінің Twitter желісіндегі парақшасында Қазақстан туралы арандатушылық реплика жариялаған болатын. "Қазақстан 2025 жылға қарай латын әліпбиіне көшеді. Ал Солтүстік Қазақстан?" деп жазған болатын.
Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін