Спорт

"Головкин - жоғары лига"- Шеремета

Жетінші раундтан кейін Шеремета жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан еді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Польшалық боксшы Камил Шеремета қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шыққаннан кейінгі әсерін бөлісті, - деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы боксшы Facebook желісіндегі парақшасында жазды.  

"Мен қиын болатынын, әрбір соққы ауыр болатынын білдім. Мен құладым, тұрдым және жекпе-жекті жалғастырғым келді. Судья жетінші раундтан кейін келіп, менің денсаулығым үшін жекпе-жекті тоқтататынын айтты. Бұл жағынан ол дұрыс шешім болды. 12 раундқа жетсем де жекпе-жектің нәтижесін өзгерте алмас едім. Бесінші немесе алтыншы раундтан кейін мен "қисынмен" жұдырықтаса бастадым және күрескен жалғыз нәрсе ол - жүрегім. Головкин, айтып өткенімдей, жоғары лига. 

Мен жеңіліп қана қойғам жоқ, сондай-ақ үлкен тәжірибе алдым. Шыны керек, осы жекпе-жектің арқасында бұған дейінгі өткізген 21 күресімнен де үлкен тәжірибе алдым. Әзірше болашақ жоспарларым туралы ойланғым келіп тұрған жоқ. Қатты жақсы көретін үйіме, сүйікиі отбасыма оралғым келеді. Қолдауларыңызға рақмет. Әзірше демалып, кейбір нәрселер туралы ойланғым келеді. Құлақ пен жақ қалпына келер... Мінезім қалай өзгеретіні қызық... Сонда да айтарым... Польша үшін...", - деп жазды Шеремета.  

Еске салайық, жетінші раундтан кейін Шеремета жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша Головкин техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Головкин 21-рет титулын қорғап, аты аңызға айналған Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты. Осы жекпе-жекке дейін екеуінде де чемпион мәртебесінде 20 жеңіс болған - бұл дивизионның рекорды. Америкалық спортшы мұны 1995-2005 жылдар аралығында жасаған, ал GGG бұл жетістікке екі жыл азырақ уақытта жетті (2010-2018).