Саясат
Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі – жаһандық жұмыссыздық
Адамзат өзінің даму тарихында күрделі әрі ұзақ дәуірлерден, тарихи формациялардан өтті. Қоғамның 5 түрлі даму кезеңінде адам белгілі бір дәрежеде жетістікке жетіп, өз қажеттіліктерін қанағаттандырып отырды. Адамды адам еткен – еңбек . Тек осы еңбектің арқасында адам терімшілік кезеңін артқа тастап, тарихи ашылулар кезеңіне аяқ басты. Тарихқа көз жүгіртсек, жекеменшік пен мүліктік теңсіздіктің пайда болуымен қоғамды құраушы әрбір адам бір- біріне жалданып жұмыс жасады. Демек, өзінің материалдық талаптарын өтеу мақсатында адам қоғам үшін немесе басқаның пайдасы үшін жұмыс жасайды.
Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі – жаһандық жұмыссыздық. Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздықтың пайда боолу алғышарттарына елдегі еңбекке қабілетті азаматтардың саны, еңбек нарығы, экономикалық тәуелсіздік, ғылым мен білім, ішкі еңбек бөлінісі тікелей әсер етеді. Қазақстанда жұмысқа жарамды , яғни 15-35 жас аралығындағы 5,5 миллион адам тұрады. Бұл жалпы халықтың 28% құрайды. Бұл мәліметтер 2017 жылдың желтоқсанында жасалынған статистикалық тұжырым. Демек, еңбекке қабілетті азаматтардың саны бізде аз емес. Сонда жастардыңекі қолға күрек таба алмай жүруінде не себеп? Аздаған әлеуметтік зерттеу жүргізіп көрсек. ҚР- ның азаматы шамамен 21 жасына дейін орта немесе жоғарғы оқу орнын аяқтайды(ғылыми карьераны қоспағанда). Жылына ҚР- нда 600мыңға жуық студент ЖОО тамамдайды. Ал, 1 жылда жұмысқа орналасқан адамдар саны бұл саннан бірнеше есе аз. Жастардың көбісі шет елдерге жұмысқа орналасады немесе мамандығынан тыс жұмыс істейді. Мұның себебін жастар арасындағы жалқаулықтан, жұмысқа орналасудағы коррупциядан емес, елдегі экономикалық жағдайдан іздеп көрелік. Жұмыс іздеп жүрген кез келген адам, коммерциялық мекемеден тек таныс арқылы ғана жұмыс таба алатынын, ал мемлекеттік мекемеде жалақы көлемінің аздығын біледі. Таңдау жасау қиын. Менің ойымша, еліміздегі жұмыссыздықтың басты себебі – жеке меншіктің көбеюі. Мысалы, өткен ғаырдағы Алматы Мата-мақта комбинаты (АХБК) бірден 10мың адамды жұмыспен қамтамасыз еткен. Оқудан бас тартқан жастарың барлығы осы комбинатта жұмыс жасаған. Шамамен метепті 1 жылда 50-60 адам бітірсе, оның тек 10-15 ғана қалаға оқуға кеткен,қалғаны толығымен жұмыспен қамтамасыздандырылған. Ал қазір 50 оқушының жартысынан көбі ЖОО орынына түсіп, алайда жұмыс таба алмайды. Себебі мемлекеттің қол астындағы мекеме өте аз. Манағы айтылған АХБК казірде «Grand Park» атты жекеменшік сауда орталыққа айналды. Мемлекет білімді бергенімен, жұмыс тауып бере алмайды. Осылайша, жастардың жалқаулығымен сипатталып келген жұмыссыздықтың себептері өте көп. Бүкіл әлем осы мәселені шешу жолында көп жұмыс жасап жатыр.