Қоғам

"Бэби-бокс" елімізде пайда болды

Анасында 3 ай ойланып, баласын алуға мүмкіндігі бар.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде алғаш рет Еңбекшіқазақ ауданындағы көпсалалы ауруханада ата-анасы бас тартқан балаларға арналған бэби-бокстар қойылды, - деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы.

Аурухана директоры Жәмилә Әбеуова беби-бокстардың жанында бейнебақылау камералары болмайтынын, барлығы құпия болатынын атап өтті. Ол балаға қажет медициналық көмек бірден көрсетілетінін жеткізді.

«Әйел баланы өмірге әкеліп, қиын жағдайда қалғанда, баладан бас тартқысы келсе, баланы тәрбиелеуге мүмкіндігі болмаса, моральдық жағынан баланы отбасында тәрбиелей алмаса, беби-боксқа келе алады (...) Мұнда бейнебақылау камерасы болмайды, оның баланы осында қалдыра алады. Анасында 3 ай ойланып, баласын алуға мүмкіндігі бар», - дейді Әбеуова.

Еске салайық, 2017 жылы бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова Қазақстанда беби-бокстар қоюды ұсынған еді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61