Қоғам

Кісі арты қаңқу сөз

- Қалаға барып не болып кеткен? - Қыз құсап шашын не істеп алған? - Өййй, "голубой"!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Аяғы жаман төрді былғар, аузы жаман елді былғар» деп топшылай салған қайран қазағым-ай. Қазір біздің қоғамда кісі сыртынан мақтау сөзге қарағанда мінін теріп, балағаттау көп.  Соған сеніп, жаңағы адам туралы пікір қалыптастырып жіберетініміз тағы бар. «Он күнәнің тоғызы тілден» деген сөзді негізге алсақ, кіршіксіз таза, күнәсіз пәк адам кемде-кем.

Кейде біреудің тағдырын талқылап тұрып, ол туралы өсектеп тұрғанымызды байқай бермейміз. Шын мәніне келгенде, өсек бәріне ортақ. Әйелдерге де, ерлерге де тән әдет бұл.

Адамдар жақсылыққа қарағанда, жамандықты теруге, соны әңгіменің арқауы қылуға қашанда үйір.

Кейде өзіміз туралы өсек-аяңды құлағымыз шалып қалса, оны әр адам әртүрлі қабылдайды. Бірі «Яки, мені өсектеп жатыр, демек назарда болғаным» деп ұғады. Енді біреуі, өзі жайлы жалған пікір мен піш-піш әңгіме үшін кәдімгідей қайғырып, салы суға кетеді.

«Көрмеген көлде, естімеген құстың дауысы бар» деген қазекең.  Сіз естіген өзгелер, өзіңіз туралы ақпарат қаңқу сөз болуы мүмкін. Басын ашып, қанығына жетіңіз. Әрине, адам баласы мінсіз болмасы хақ, дегенмен өзгенің пікірін шындық деп те қарауға болмайды.

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін