МӘДЕНИЕТ

"Кешірімдімін, кешіремін ғой. Бірақ..." Жазира Байырбековаға опасыздық жасады.

Танымал əнші Жазира Байырбекованың жақын адамынан қатты көңілі қалды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал əнші Жазира Байырбекованың жақын адамынан қатты көңілі қалды.

Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Ол өзінің инстаграм əлеуметтік желісінде мынандай жазба жариялады:

"Бауырдан да, достықтан да, сыйластықтан да ақшаны жоғары қоятын қатыгез адам екенін сезе тұра, ешкімді тыңдамай үнемі қамқор болып, қорғап, қолдап, жарнамалап жүрген адамыңды табысы көбейіп, саған тәуелсіз болған кезде шын бейнесін көру қорқынышты. Кешірімдімін, кешіремін ғой.
Бірақ... Ол жақын адамың болса, тіпті жаның ауырады. Дәл менің жанымды ауыртқандай мен білмейтін қанша адамның жанын ауыртты екен бұл пенде?! Бүгінгі көңіл күйім осындай. Дәл мендей күй кешкендер бар ма? Тез ұмыттыратын бірдеңе жазыңыздаршы" 

Бұл жазбасы көпшілікті ойландырып қойды.

Желі қолданушылары:

"Ондай адамдар көп қой қазіргі заманда","Ақша үшін туған бауырлар ажырасып кетіп жатыр ғой", "Сізде опасыздық көрдіңіз бе, менде де сол көңіл-күй болып жатыр","Ештеңе етпейді өмір ғой","Сол адам сіздің өміріңізден ерте кеткеніне қайта қуаныңыз" деп жазба қалдырды.

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін