Қоғам
Қазақстан алкоголь салдарынан болған өлім деңгейі ең жоғары елдер рейтингінде 10-шы орында тұр.
БҰҰ деректеріне сәйкес, Қазақстан алкоголь салдарынан болған өлім деңгейі ең жоғары елдер рейтингінде 10-шы орында тұр, деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы Azattyq.ruhy сілтеме жасап.
Мәселен, бір ғана Алматының өзінде өткен жылы 6 000-нан астам адам алкоголь өнімінен уланған, оның ішінде 2 мың адам ауруханаға жатқызылды. 23 жағдай өліммен аяқталды. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті осындай мәлімет берді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша, жыл сайын әлемде алкогольдің әсерінен болатын аурулардан 3 миллионнан астам адам қайтыс болады. Жер шарындағы әрбір 20-шы адам алкогольді тұтыну салдарынан қайтыс болады, олардың 75%-ы – ер адамдар.
Алкогольді теріс пайдалану салдарынан болатын өлімнің төрттен бір бөлігі көлік апаттары, төбелес және өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттеріне алып келеді. Тағы төрттен бірі – асқазан-ішек аурулары, 19%-ы жүрек аурулары, қалғаны жұқпалы аурулар, қатерлі ісік және психикалық бұзылулар туындатады.