МӘДЕНИЕТ
Алтынай Жорабаева некесін тағы да қиды
Бұл туралы Bugin.kz медиа-порталы хабарлайды.
Ол өзінің инстаграм əлеуметтік желісіндегі Stories бөлімінде былай деді:
"Наконец-то! Некемізді жаңарттық, достар, сүйінші. Алланың қалауымен некеміз қиылды. Неке бұрыннан бар. Тек соны жаңарттық. Махр бұрын сұрап қойғанмын негізі. Бұл жолы салоннан көлік сұрадым. Бұрын əрине Алланың қалауымен, ата-анамыздың рұқсатымен некеміз болған етін. Алайда бүгін жаңартудың сəті түсіпті. Алла некемізді мəңгілік хайырлы етсін, жаным. Машинамды дайындай бер" - деп сөзін аяқтады.
Еске салсақ, əнші Алтынай Жорабаева бірнеше жыл бұрын экс-күйеуі Сəбит Әбдіхалықовтан ажырасып кеткен. Ал биыл жазда екінші мəрте тұрмысқа шығып, қазіргі жолдасын елге таныстырған еді. Жеке кәсіп бастап та үлгерген əнші Түркиядан жақында үй алған болатын.
Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін