Спорт

Головкин Шерематаға қарсы жекпе-жегінде қанша ақша тапқан?

Геннадий Головкиннің Шерематаға қарсы жекпе-жегі үшін қанша қаражат алғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің польшалық Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегі үшін қанша қаржы алғаны белгілі болды деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.

Boxingscene.com хабарлауы бойынша Головкин бұл кездесуден 7 миллион доллар пайда тапқан.

Сонымен қатар, келесі күні мексикалық Сауль Канело Альварес пен ұлыбританиялық Каллум Смит жекпе-жегі өткен еді. Онда Канело төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, екінші орта салмақта WBA, WBC және The Ring титулдарын иеленді. Бұл кездесуде мексикалық боксшы 20 миллион доллар пайда тапқан.

Айта кетейік, Головкин үшін бұл жекпе-жек DAZN стриминг сервисімен жасалған келісімшарт бойынша 6 жекпе-жектің үшіншісі болуы керек еді. Келісімге сәйкес қазақстандық боксшы 15 миллион доллар алуы тиіс болған.

Алайда, The Athletic мәліметінше, Головкин мен DAZN Шереметамен жекпе-жекке дейін гонорар сомасын азайтуға келісіп, польшалық боксшымен болатын жекпе-жекті есепке алмаған.

Сондықтан Головкин келісімшарт аяқталғанға дейін 4 жекпе-жек өткізуі керек.