Hi-Tech
SIM картаңызды жоғалтып алсаңыз қандай қауіп төнетіні жайлы айтылды
SIM-картаңызды жоғалтып алсаңыз, зиянкестер онда сақталған барлық ақпаратқа қол жеткізіп, тіпті сіздің атыңыздан ақшаға дейін ұрлай алады екен деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.
Бұл туралы "Прайм" агенттігіне "Зияткерлік Резерв" компаниясының серіктесі және директоры Павел Мясоедов айтты.
Егер сіз SIM картаңызды жоғалтсаңыз, оны бұғаттау үшін дереу операторға қоңырау шалыңыз. Себебі тек картаңызды ауыстыру арқылы алаяқтықтың алдын ала алмайсыз.
"Зиянкес операторға қоңырау шалып, өзін карта иесі ретінде таныстырып, оның жоғалғаны туралы мәлімдейді және бақылау сұрақтарына жауап береді. Ол сұрақтарға жауапты пайдаланушының әлеуметтік желісінен табады. Осыдан кейін нақты SIM карта өшіріліп, бейтаныс адам нөмірге және оған келетін барлық ақпаратқа қол жеткізе алады. Сондықтан әлеуметтік желіде жеке деректеріңізді көп көрсете бермеңіз", - деп кеңес береді сарапшы.
Павел мұндай алаяқтардың құрбаны болмас үшін операторлардың кеңестерін тыңдап, құрылғыдағы бағдарламаларды үнемі жаңартып отыру керек дейді.