COVID-19

Ұлыбритания коронавирустың таралуы бойынша рекорд орнатты

Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд тіркелді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлыбританияда коронавирустың жұқпалы штаммының таралуы салдарынан COVID-19 инфекциясының жаңа рекорды тіркелді деп хабарлайды Bugin.kz платформасы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кейінгі тәулікте тіркелген науқастар саны 36 804-ке артып, 691 адам қайтыс болды.

Осылайша, елде пандемия басталғалы 2 110 314 адамнан коронавирус анықталып, 68 307 адам қайтыс болған.

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон 20 желтоқсаннан бастап Лондон мен елдің оңтүстік-шығысы коронавирустың жұқпалы түрінің тез таралуына байланысты локдаун режиміне көшетінін мәлімдеген еді. Уэльс пен Шотландия билігі де жаңа шектеулер енгізді. Бірнеше ел Ұлыбританиямен шекараны жауып тастаған.