COVID-19
Инфекционист Евгений Тимаковтың болжамы.
5-7 жылдан кейін коронавирус бұдан да жұқпалы болады. Бұл туралы инфекционист Евгений Тимаков айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz авторлар платформасы РИА Новости тілшісіне сілтеме жасап.
"Вирус үнемі құбылып отырады. Коронавирус та осыған ұқсас. Өзгеріс айтарлықтай емес, оның геномы өзгермеген. Бірақ вирустың қасиетін өзгертеді. Кез келген жағдайда вирус сыртқы ортада өз иесін өлтірмей өмір сүруге тырысады", - дейді дәрігер.
Оның айтуынша, осыған байланысты коронавирус 5-7 жылдан кейін өте жұқпалы болуы мүмкін.
"Уақыт өте келе, яғни 5-7 жылдан кейін коронавирус инфекциясы өзгереді. Ол жұқпалы болады, бірақ асқынулар аз болады», - дейді Тимаков.