Weekend
Жүректі тербеген жыр
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлтынмен торың апталған,
Өзегің толы өкініш.
Жат жерге келіп жатқанда,
Сырласым болған тотықұс,
Мұңдасым болған тотықұс,-деп басталатын әуенді исі қазақ баласы тыңдаған шығар. Туған елге, жерге деген махаббаты жүрегінің қылын шертіп, қалам тербемеген қаламгер аз. Сұлтан болса да, ұлтан болса да өз елінің көсегесін көгертіп, қандастармен тірлік кешіп, елдің кетігіне кірпіш болуды есті адам аңсаса керек.
Өлең жолдарының авторы Мырзатай Жолдасбеков 1993-1997 жылдары Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болған. Иран еліне барған сапарында өзіне арналған аядай бөлмеде тотықұс қана болған екен. Туған елге деген сағынышы өлең болып өріліп,шумақ болып төгіліпті.
Бұл ел аузында айтылып жүрген, туған елге деген махаббаттың көркем үлгісі көрсетілген бір әуеннің шығу тарихы. Қазақтың сайын даласы осындай «көңіл құсын шартарапқа құйқылжытар» талай әуеннің сырын бүгіп жатқанына күмән жоқ. Оны аршып, әуеннің тарихымен таныстыру оқырманға айрықша әсер етері сөзсіз. Әсіресе, қазіргідей естіден есері көп әндер дәуірлеп тұрған заманда көтерер жүгі бар, мазмұнды әуендерді насихаттау керек-ақ.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61