Қазақстан жаңалықтары
Елімізде сынап бағаны 38 градусқа дейін төмендеп, күн суытады
"Қазгидромет" РМК 24-26 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.
«Еліміздің солтүстік аймағында ауа температурасының аздап көтерілуіне әкелген циклон Қазақстанды тез басып өтіп, өзге өңірлерге ойысты. Оның орнына Арктикалық ауа массалары бар Карс теңізінің суық антициклоны ел территориясына қарай жылжуда, ол ауа температурасының 25 желтоқсаннан бастап қатты төмендеуіне әкеліп соғады, мысалы солтүстік облыстарда түнде сынап бағаны 30-38 градусқа дейін төмендеп, күн аяздайды»,- деп хабарлайды синоптиктер.