COVID-19
Коронавирус Антарктидаға дейін де жетті
Чили зерттеу станциясында COVID-19 жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. Енді Антарктида коронавирус инфекциясы жоқ жалғыз құрлық емес, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, Антарктидадағы O'Higgins Riquelme ғылыми станциясында 36 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Олар тапсырған ПТР-тест оң нәтиже берген.
Әскерилердің айтуынша, вирусты 26 әскери және базаға қызмет көрсететін компанияның 10 қызметкері жұқтырған.
Барлық науқасты аурудың симптомы пайда болғаннан кейін эвакуациялаған. Кейін олар коронавирустың бар-жоғына ПТР-тест тапсырған.
O'Higgins станциясына жаңа команда жіберілген. Олардың COVID-19-дың бар-жоғына тапсырған ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен.
Айта кетейік, O'Higgins Riquelme станциясы – Антарктикадада жұмыс істейтін 13 базаның бірі. Ол Чилиге тиесілі. Станция Антарктика түбегінің солтүстік нүктесінен алыс емес, Горн мүйісіне жақын.