Қоғам

Жерге алып астероид жақындап келеді

2021 жылдың желтоқсанында ғаламшардың жанынан ұшып өтеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Келесі үлкен астероид 2021 жылдың желтоқсанында ғаламшардың жанынан ұшып өтеді деп болжанады.

NASA ғалымдары үш ықтимал қауіпті астероидтың Жерге жақындап келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.

РИА Новости атап өткендей, есепке сәйкес, ғарыш тастары 25 желтоқсанда Жердің жанынан қауіпсіз зу ете түсуі тиіс.

Олардың ең үлкені шамамен 3 миллион шақырымға жетеді, ал диаметрі 200 метрге жуықтайды. №501647 (2014 SD224) атты астероид Жерге соңғы рет 2020 жылдың қаңтарында жақындаған.

Айта кету керек, келесі үлкен астероид 2021 жылдың желтоқсанында ғаламшардың жанынан ұшып өтеді деп болжанады.

NASA ықтимал қауіпті топқа 0,05 астрономиялық бірлік шегінде орналасқан және диаметрі 460 футтан (140 метрге жуық) асатын барлық ғарыш нысандарын жатқызады, - делінген хабарламада.