МӘДЕНИЕТ

Qaz thiller: Миф артық етпейді

Оқырман, бірнеше апта бұрын қазақша триллер жайлы сөз қозғадық. Келесі бөлімде Миф қосу жайлы айтпақшымын. Байланыста болыңыз...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бірінші бөлімдегі сценарийімізде келінге жын-пері кіруі туралы айтқаным есіңізде ме?! Мен оны келін ішіне жайдан-жай кіргізгім келмеді. Өткенге ақпарат-сапарын жасағым келді. Яғни баяғы қазақ мифология кейіпкерлері киноның негізгі қорқыныш сахнасы болуы шарт. 

Ол кейіпкерлер кімдер дейсіз ғой?! Қазақ мифологиясындағы су перілері-күлдіргіштер. 

Мифологияда олар су астындағы қауіпті тіршілік иелері. 

Олар жас жігіттер суға жүзуге келгенде жалаңаш шығып, оны елітіп өзіне шақырады. Қасына жете бергенде ұзын қолдарымен мойнынан қысып, өлгенше қытықтап, су түбіне әкетеді. 

Қосалқы рөлдерде Албасты,оның күйеуі әзәзіл Теміртөс сайтан. Олар Джомамен соғысатын басты кейіпкерлер. 

Сонымен қатар жүкті әйеліне Албасты өш болады. 

Дегенмен, Ұмай ана әйеліне аман босануына септеседі. 

Соңы жеңіспен аяқталады. 

Бірақ мен әлі де режиссер емеспін, сол себепті алдыңғы мақаламдағы сөздерді қайталамайын. 

Ал мифке сену-надандық емес,адамның ой-санасын өшірмеу деп білемін. 

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін