Weekend

Телеграмдағы ең көп тіркелушісі бар қазақтар кім?

Ең көп тіркелуші кімде?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Соңғы жылдары елімізде тағы бір қосымша дамып келеді. "Вконтакте" әлеуметтік желісінің негізін қалаған Павел Дуровтың бұл қосымшасы да әлемнің көптеген елдерінде қолданысқа еніп кетті. Кейбір елдерде әйгілі Facebook messenger қосымшасын озған, ал Apple App Store-да 48 елде тегін қосымшалардың арасында көбірек жүктелетін қосымша болып есептелді (ақпан 2014). Павел Дуровтың мәлімдеуінше, Telegram-ның жылдық өсімі 2017 жылдың сәуір айдағы дерегіне сәйкес 50%-дан асқан.

Әлем бұл қосымшаға да оңай үйреніп кетті. Бәрі қауіпсіздік үшін ғой. Десек те, телеграмның басқа қосымшалардан еш кемдігі жоқ. Ал бұл қосымшаға Қазақстандықтар үйренісе алды ма? Ең көп тіркелуші кімде? Оқыңыз!

Телеграм аналитиктың көрсетуі бойынша көш басында Айжан Байзақова тұр. Таңқалмаңыз! Жоғарыда айтып өткендей бәрі қауіпсіздік үшін ғой.

Айжан Байзақованың тіркелуші саны 95 790 мың болып, күнделікті жазба, видеолары 10 мың қаралым жинайды екен. Инстаграмдағы парақшасынан 3 есе аз. Десе де инстаграмда бірінші боп тұрмаса да қазақ телеграмында бірінші.

Байзақовадан кейін екінші боп "BIRZHANASHIM'S BLACK" тұр. Оның тіркелуші саны 75 171 мың. Әр жариялаған жазбасы 30 мың-нан жоғары қаралым жинап үлгереді.Бір қызығы тура инстаграмдағыдай бұнда да вайнерлер бірінші тұр.

Үштікте RASHEV деген азамат орналасыпты.Оның телеграм каналына 46 525 мың оқырман тіркеліпті.Ал әр жазбаларының орташа саны 30 мыңға жетеді.

Сіз байқағандай телеграмның қазақ аудиториясына әлі кең тарала қоймауы анық көрінеді.Әрі бұл аталған үш Қазақстандықта орысша тақырыптарда жазады. Әзірге қазақ телеграмының көш басында осы үштік екенің ұмытпаңыздар.