COVID-19
Ол коронавирус пандемиясы алдағы айларда күшейетініне қауіптенетінін жазды
Билл Гейтс жеке блогында осы жылдың қорытындысын жасады және вакцинаға қарамастан, коронавирус пандемиясы алдағы айларда күшейетініне қауіптенетінін жазды, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы РИА Новости-ге сілтеме жасап.
"Өкінішке қарай, біз әлі тығырықтан шыққан жоқпыз" деп жазды ол.
Миллиардер пандемияның күшеюі туралы айтқанда компьютерлік модульдер арқылы алынған деректерге сүйенген. Оның айтуынша дүние жүзіндегі жағдай келесі айда жаман жаққа өзгеруі мүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ Гейтс маска тағу және әлеуметтік қашықтық сақтау коронавирус инфекциясымен күресте тиімді құрал болып қала беретінін атап өткен. Ал жалпы ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны 2021 жылы азая бастайтынын болжады. Себебі келесі 2021 жылдың көктемінде вакцина дайын болып қалады деп болжаған.