Weekend

"Жездуха" сериалы көрермен көңілін қалдырды

Жастардың сүйікті сериалына айналған "Жездуха" жобасы соңғы кездерде анайы сөздерді көп қолданып жүр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жастардың сүйікті телехикаясына айналған "Жездуха"  жобасы соңғы кезде анайы сөздерді көп қолданып жүр.

Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы хабарлайды.

"Хайп, хайп" деген сайын айып болып кетпеді ме? Талай көрерменнің жүрегін жаулап, қаралымнан қор жинаған "Миллион" командасының туындысы "Жездуха" сериалының 10-бөлімінде Айжамалдың "ешак сияқты жатасыңдар к........е күн түскенше" деген сөйлеміне көз жұмып өтіп кете алмадым.

Кино әлемі мәдениеттің ошағы болғандықтан әзіл саласында болсын мұндай сөздермен жасөспірімдердің санасын паразиттендіріп жатқан жоқ па екен деген қорқыныш туды.
Желі қолданушыларының да менің ойымды қолдайтынын: "сіздерден өтініш, ұятсыз идеядан басқа идея болмай ма" немесе "Қанат братан өзі айтқан еді: "ата-анаң сен үшін ұялмасын, ата-анаң ұялатын тірлік істеме" деп, мына серия болмады, ұяттау екен" деген сынды пікірлерден аңғару қиын емес.

Осыдан соң "Жездуха" телехикаясының актерлері көрермен көңілін қалдырды-ау деген ой келеді.
"Шамалы сценарий жазарда дайындалып жазсаңдар, миллион адам көреміз ғой, соңғы сериялар қызық емес болып бара жатқан сияқты" деп бір сынап алып, үміттеніп, жігіттерге сәттілік тілеп жатқандар да аз емес. 

Үнемі өз оқырмандарымен санасып отыратын жігіттер бұл пікірлерге бей-жай қарамайды деп сенемін.

Алла берген талант пен өнерді қазақи құндылықтарымызды дәріптеуге жұмсаса екен.

Редакция ұстанымы автор ойымен сай келмеуі мүмкін