Қазақстан жаңалықтары

Мұғалімдердің жалақысы тағы өседі

Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов айтты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысы өсетінін айтты деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.

"Биылғы жылы жалақыны 25% көтеру міндеті қойылды, біз бұл міндетті орындадық. Келесі жылы қаңтардан бастап барлық мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға көтеріледі. Мұғалімдердің жалақысын көтеру туралы бұйрық тек мектеп мұғалімдерін ғана емес, мұнда біз балабақшалардың, колледждердің, қосымша білім беру жүйесінің мұғалімдерін де қамтитынын ескертеміз" деді Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Әр мұғалім жалақысының 30%-нан 50%-на дейін қосымша ақы да ала алады. Қосымша ақы мөлшері мұғалімнің санатына байланысты болмақ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61