Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар өз жұмысын бастайды

Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар жұмысына 26 желтоқсаннан бастап рұқсат берілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтанда 26 желтоқсаннан бастап кинотеатрлар жұмыс істей бастайды деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысына сәйкес, 26 желтоқсаннан бастап қала кинотеатрларына санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

"Кинотеатрларға отыратын орындар санының 30 пайызынан аспайтын көлемде жұмыс істеуге, күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша екі орындық арқылы және қатарлар арасында шахматтық тәртіппен отырғызуға рұқсат етіледі. Жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс кестесі - 10.00-ден 24.00-ге дейінгі аралықта жұмыс істеуге рұқсат берілсін. Карантин және шектеу шараларын бұзу фактісі анықталған жағдайда кинотеатрлар жұмысы тоқтатылады" делінген қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында.

Алайда ешқандай да акция ұйымдастыруға болмайтыны айтылады.