Қазақстан жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады деп хабарлайды Bugin.kz платформасы Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің достас Әзербайжанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, БҰҰ Жарғысы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес мемлекеттің территориялық тұтастығын қорғауға қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты бірлескен міндеттер, сондай-ақ, халықаралық аренадағы ықпалдастық жайын талқылады.
Ильхам Әлиев қазақстандық компанияларды Таулы Қарабақты қайта қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға шақырды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61