Қазақстан жаңалықтары

Жаңа платформа сайлаудың әділдігіне кепілдік бере ме?

Қазақстанда сайлауды бақылайтын платформа пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандағы сайлаудың өту тәртібін бақылайтын жаңа платформа пайда болды деп хабарлайды Bugin.kz платформасы Azattyq.org-ке сілтеме жасап.

Италияның Адам құқығы жөніндегі федерациялық қор (FIDU) президенті Антонио Станго мен АҚШ-та тұрып жатқан қазақстандық кәсіпкер Барлық Меңдіғазиев жетекшілік ететін Freedom Kazakhstan қоры (FKF) алдағы парламент сайлауының нәтижелері туралы мәліметтер жариялап отыратын Voices of Kazakhstan бірлескен жобасы ашылғанын хабарлады.

Жоба Telegram чат-боттарының көмегімен жүзеге аспақ. Жобаны 23 желтоқсанда Facebook желісінде "Ашық диалог" қорының президенті Людмила Козловска мен "Уральская неделя" басылымының директоры Тамара Еслямова таныстырды.

FKF қорының жетекшісі Барлық Меңдіғазиевтің сөзіне қарағанда, жаңа платформа белорус белсенділерінің президент сайлауы кезіндегі тәжірибесіне сүйеніп жасалған. "Ол барлық тәуелсіз бақылаушыларды біріктіруге мүмкіндік беруі тиіс".

- Індет кезінде халықаралық қауымдастық тарабынан көптеген бақылаушы мен журналист келе алмайтындықтан Антонио Стангодан сайлауды объективті бақылауға көмектесуін сұрағанмын. Ол қолдады. Басты талап - [сайлаушылар] бюллетеньдерді екі жағынан анық етіп түсіріп, жолдауы тиіс, - деді Барлық Меңдіғазиев.

Жобамен айналысып жатқан техникалық топ өкілдерінің айтуынша, сайлау аяқталғаннан кейін хабарламалар сұрыпталып, тез арада нәтижесі жарияланады. Жобаға барлық азаматтар, сайлауға түсіп жатқан партия өкілдері де қатыса алады.