Спорт

Қазақстандық шаңғышылар күлкіге қалды

Щучинскіде өткен жарыста қатысушылардың құлауы әлемдік басылым тілшілеріне күлкілі көрінген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Eurosport спорт сайты шаңғыдан Қазақстан Кубогы кезеңіндегі спринтерлік жарысты "керемет сандырақ" деп сипаттады.

Щучинскіде өткен жарыста қатысушылардың оғаш құлауы басылым тілшілеріне күлкілі көрінген. 

"Ерлер финалдың сөресіне шығып, адам сенгісіз жағдайлар басталды. Шаңғышылардың бірі орман ішімен өтетін тұста құлады, сосын тағы бірі жоғары қарай жылдамдық арттыратын кезде қарсыластың шаңғысына ілігіп қалды. Мәреге жетер тұста да бірдеңе болған сияқты" делінген мақалада.

Спринтте Әлем Кубогы қатысушысы, әлем чемпионаттары мен Олимпиада қатысушысы Евгений Величко жеңімпаз атанды.